Mazir
03 июл 20:32korilim:1 421 Onir tynysy

Әкім: 5-шілдеден бастап екі қала жабылады


Семей мен Өскемен қалалары 5 шілдеден бастап жабылады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. 
«Мемлекеттік комиссия елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті. Өз тарапымнан, Шығыс Қазақстанда 1700 инфекциялық, 2500 провизорлық және карантиндік төсектер, сондай-ақ қарқынды терапия палаталары дайын екендігін айтқым келеді.
Өңірде жедел медициналық көмек қызметі көрсетілмейтін елді мекен жоқ. Медициналық мекемелер мен атқарушы биліктің өзара іс-қимылының барлық алгоритмі бекітіліп, пысықталды.
Оқиға дамуының ең жағымсыз сценарийіне жол бермеу үшін біз 5-шілдеден бастап Өскемен және Семей қалаларын жабамыз. Қалалар мен аудандарда тұрғындар мен көліктердің қозғалысын барынша азайтамыз. Мұның бәрі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жасалатын әрекет. Тек өзін-өзі оқшаулау ғана COVID-19 қарсы күрестің пәрменділігін көрсетті. Карантиндік шаралар қатаң сақталған барлық кезеңінде облыста ауырғандар саны 135 болды. Алайда, тек маусым айында бұл көрсеткіш 710 адамға артты.
Сондықтан қозғалысты шектеу шараларын осы демалыста бастаған аса маңызды. Бізге байланыс тізбегін үзу қажет! Қалыпты өмірге тезірек оралуымыз керек. Бірақ, оған жоғары жауапкершілік танытқан жағдайда ғана қол жеткізе аламыз.
Бұл ретте айта кетейін, кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, ХҚО (қысқартылған кесте бойынша) жұмысын жалғастырады. Біз енгізілген карантиндік шаралардың салдарынан бизнесті барынша қорғауға тырысамыз. Сіздерді тағы бір мәрте бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын. Еуропа елдерінде не болғаны баршамыздың есімізде. Ол жақта да бастапқы кезде адамдар қабылданған қатаң шаралардан нәтиже болатынына сенбеді.
Бүгінде әлеуметтік қашықтық, өзін – өзі оқшаулау, маска режимін сақтау – бұл адамдардың өз қауіпсіздігі үшін жасайтын қадамдардың ең азы.
Біз өз кезегімізде өңір ауруханаларын қажетті техникамен және дәрі – дәрмектермен, ал дәрігерлерді қорғаныс жиынтықтарымен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді жасадық. Қазір біздің ортақ міндетіміз шектеу шараларын бірге сақтау және вирустың таралуына жол бермеу», – деп жазды Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында. 
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15