Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 18 маусымға қараған түні Азаттық даңғылында орналасқан дәріханалардың бірінде ұрлық орын алғанын хабарлады. Пластикалық терезе арқылы белгісіз адам ішке кіріп, ноутбук пен түрлі дәрі-дәрмектерді ұрлап кеткен.
Полиция қылмысқа күдікті деген 26 жастағы ер адамды ұстады, оған Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Басып шығару