Үкімет қаулысы бойынша 5-шілдеден бастап күшіне енген күшейтілген карантин режимі бұл жолы ешқандай дау-дамайсыз жүзеге асып жатыр. Үрейленген жұртшылық карантин шараларының қатаңдатылғанына түсіністікпен қарап, тіпті, қолдап отыр.
Осыған байланысты қоғамдық көлік жолаушылары да азайған. Олаушылар аздығынан бүгін Алматы қаласында қоғамдық көліктер қозғалысы толық тоқтады. Осы үзіліс кезінде барлық автобустарға дезинфекциялық жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, оңтүстік астанадағы қоғамдық көліктер 7-шілде күні сағат таңғы 6:00-ден бастап жүреді.
Басып шығару