Семей қаласында екі бірдей колледждің директоры жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Диагноз – коронавирус. Оның бірі – белгілі қазақстандық спортшы Айбек Нұғымаров.
Бұл туралы Семей қаласының әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында ресми хабарланды.
«Бүгін Семей қаласында екі колледж директоры ауруханаға түскені белгілі болды. Оның бірі – Семей транспорт колледжінің директоры, қазақша күрестен үш дүркін әлем чепионы және «Әлем барысы» турнирінің екі мәрте жеңімпазы Айбек Нұғымаров», - деп жазды қала әкімі.
Екінші директоры – электротехникалық колледж басшысы Азат Сарпеков. Қала әкімдігі тұрғындардан мұқият әрі сақ болуды сұрайды.
Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында карантин режимі 1-шілдеге дейін созылды.
Басып шығару