Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды.
5 маусымға қараған түні Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында 1-3 градусқа дейін салқын болады.
5 маусымда күндіз Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Найзағай ойнап, түнде бұршақ жауады.
5 маусымда Маңғыстау облысында күн күркірейді. Күндіз 38 градус ыстық, шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтауда күндіз найзағай ойнайды, кешке солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
5 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, секундына 15-20 метр.
5 маусымда, күндіз Қызылорда облысында 40 градусқа қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.
5 маусымда Алматы облысында күн күркірейді, күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
6-7 маусымға қараған түні Алматы облысының солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 1-3 градусқа дейін салқын күтіледі.