Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына қарасты Өргебас ауылын су басты.
3-мамыр күні таңғы сағат бес шамасында 250 үйді су басып қалған Фердоуси ауылы жақтан Жаңажол ауылдық округінің Өргебас елді-мекеніне су келе бастаған. Елді-мекендер арасы 3 шақырым. Таңғы сағат 8 кезінде 194 үйді су басып қалған.
Өргебас елді-мекенінің халық саны – 1451 адам. Барлығы эвакуацияланған. Жарақат алғандар мен адам шығыны жоқ.
Түркістан облысында су басу қаупінің алдын алу мақсатында Жеңіс, Жаңа Тұрмыс сияқты елді-мекендердің халқын эвакуациялап жатқаны хабарланған. Қазір Мырзакент-Жеңіс-Жаңа Тұрмыс автокөлік жолын да су шайып кеткен.
Басып шығару