Түркістан облысында 5 мыңнан астам ауыл тұрғыны су басу қаупі туғандықтан, үйлерін тастап бас сауғалауға мәжбүр болды. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Төтенше жағдай орын алған аймаққа Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков келді. Қазір оқиға орынынан 5 400 ауыл тұрғыны эвакуацияланған. Тәртіп сақшылары азаматтар қауіпсіздігін қатаң қадағалап отыр», - деп жазылған хабарламада.
Халықты эвакуациялау үшін Мақтаарал, Сарыағаш, Жетісай аудандарының жеке құрамынан 450 қызметкер және Ұлттық гвардияның 250 әскері жұмылдырылған.
Басып шығару