Mazir
21 апр 11:44korilim:399 Madeniet

Ресми сайттарға мониторинг жүргізіледі


2022 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасы аясында республикалық семинар өтті. 
Онлайн басқосуды ашқан Комитет төрағасы Әділбек Қаба былай деп атап көрсетті: «Еліміз бойынша 890 интернет-ресурс бар екен. Біздің мақсатымыз – сол жердегі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын анықтау, жақсы тәжірибені қолдап, кемшіліктер орын алса, оларды жоюдың жолын бірлесіп қарастыру. Мониторинг жүргізу Тұжырымдамасына сәйкес бұл бағыттағы талаптарды күшейтеміз. Биылғы бір ерекшелік: қолданыстағы Заңдардың кейбір нормаларына негізделген мониторинг жүргізудің бағалау критерийі әзірленді, енді тексерулер осы бойынша жүргізіледі. Жеткіліксіз нәтиже көрсетіп, төмен тәуекелдік деңгейіне жатқызылғандардың келесі жылы қайта тексерілуі қарастырылған».     
Бұдан кейін Орталықтың Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы мониторинг жүргізудің барысы туралы баяндап, басты критерийлерді түсіндірді. 
Оның айтуынша, «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасы аясындағы мониторингтің қорытындысы бойынша талдаулар мен ұсынымдардан тұратын электронды жинақ шығарылып, мониторингке қатысқан мекемелерге жолданады. 
Қазір жергілікті атқарушы органдардың жекелеген басқармаларының, полиция департаменттерінің, ұлттық компаниялардың (акционерлік қоғамдардың), екінші деңгейдегі банктердің, әуе компаниялары мен әуежайлардың, қоғамдық тұтыну сервистерінің ресми сайттарына, мобильдік қосымшалары қаралып жатыр. 
Бұлар – халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын салалар. 
Яғни олардың әрбір сайты қазақ тілінде сөйлеген сайын ана тіліміз күнделікті тұрмысымыздың төрінде салтанат құрады деген сөз. 
Іс-шарада таныстырылған критерийлер сайттағы қазақ тілі контентінің берілу көлемі, яғни үлес салмағы көп болуын көздейді. Мемлекеттік тіл мәртебесінің асқақ болуына үлес қосып жоғары балл жинағандар тексеру қорытындысы бойынша келесі жылы мониторингтен босатылмақшы.
Семинарға жергілікті атқарушы органдардың жекелеген басқармаларының, полиция департаменттерінің, ұлттық компаниялардың, екінші деңгейдегі банктердің, әуе компаниялары мен әуежайлардың, қоғамдық тұтыну сервистері мекемелерінің өкілдері қатысты. 
Басып шығару
purchase lasuna pills - cheap generic lasuna himcolin medication

besifloxacin price - besivance uk purchase sildamax for sale

buy benemid 500mg pills - benemid canada buy generic tegretol for sale

cambia drug - buy voltaren pills aspirin online buy

buy rumalaya cheap - buy generic rumalaya buy elavil 50mg without prescription

cheap mestinon 60 mg - azathioprine pill imuran usa

buy diclofenac for sale - purchase isosorbide pills buy generic nimotop online

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15