Mazir
05 мар 16:43korilim:814 Madeniet

Қайда кеттің, қазақ орфоэпиясы?

Адам баласы хат танып, қалам ұстамастан бұрын, алдымен, ана тілінің ауызша жүйесін меңгеріп, құлағына сіңіріп өседі. Сондықтан да тілдік мағынаға ие болатын дыбыстың бейнесі бала психикасында көрініс тауып, орналасады. Ол – сол тілдің дыбыстық тілі болмақ. 

Тілі шықпаған бала өзінің   санасындағы дыбыстардың бейнесі (елесі) арқылы бөгделердің сөзін түсініп, мағынасын ажыратып қана жүреді. Ал тілі шығып, былдырлай бастағанда сол құлағы шалып, естігендерін тұп-тура қайталай алатын, санасына «орналасқан» тіл дыбыстарын орынды қолдана алатын дәрежеге жетеді. Бұл қарапайым сөйлеу, ауызекі сөйлеу тілдік ортасында тәрбиеленген баланың тілі болады. 

Сондықтан оның алғашқы сауат ашу жылдарында «бере саш», «ертең барам», «ош жақ»,  «қаяқ», «тыста кетті», «сүрөт салам» деген тіркестердің құрамы «бере салшы», «ертең барамын», «осы жақ», «қай жақ», «тастап кетті», «сурет саламын» екенін білгенде қатты таңданатынына күлуге болмайды. 

Сөйтіп, баланың ауызша сөздік қорындағы бүкіл сөздер мен сөз тіркестерінің хатқа түскенде «өңі айналып» өзгеріп сала бергенін, басқа құрам, өзгешелеу түбір, жұрнақ алып кеткенін, қып-қысқа, жылдам айтып жүрген сөздерінің ұзарып, шұбалыңқы тіркеске айналғанын, үйлесіп, үндесіп тұрған дыбыстардың тілге келмейтін дыбыстармен тіркескенін көріп, өзінің осыған дейін мәдениетсіздеу сөйлеп келгеніне ұялып, енді мәдениетті, әдеби тілді үйренуге ден қояды. Оған әліппедегі әріп сөздің қай шеңінде келсе де, бірдей оқылады деген ережелер тіптен көмектеседі. 

Сөйтіп, қазақ тілінде «тәп-тәуір» сөйлеп келген бала қағазға жазылған сөзді, әріптеп оқимын деп, өз сөзіне өзі түсінбей қалатын кезі жиілейді. Мәтіннің, қарапайым мысал, ертегілердің мазмұнын өзі оқығанда, бірден ұғынып ала алмай, ал сол мәтінді ауызша сөйлеу нормасымен мәнерлеп оқыған басқа адамның аузынан қағып алатын оқушылардың көптігіне сондықтан таңғалуға болмайды.

Қазақ тілінің ауызша сөйлеу нормасы қашан, қалай бұзылды дегенде, міне, ең алдымен, хат танытудың осы сатыларын ескеруіміз қажет. Әсіресе, қала мектебін, қала берді ауыл мектептерін бітірген түлектердің 80-90 пайызы бүгінде қазақ тілінің орфоэпиялық нормасын білмейтін (Досжан деп жазылады, Дошшан деп айтылады деген мысалдардан басқа орфоэпия бар ма бізде деп сұрайтын студенттерді көрдік), соны сақтап сөйлегенді емес, сақтамай сөйлегенді дұрыс тіл деп ойлайтын ұрпақ болып келеді. Сол ұрпақ елдің ертеңгі, бүгінгі мәдениеті, экономикасы, өркениетіне араласқан, араласатын буын болмақ, болып жатыр. Көптің алдына шығып сөйлеп жатыр. БАҚ-та үнемі осындай «үлгі сөздерді» ести-ести, қазақтың дәстүрлі айтылым сазынан адасатын болдық, қораш көретінді шығардық. Әрине, көпке топырақ шашпаймыз. Сөзсаптауы, интонациясы, орфоэпиясы дұрыс дикторлар, журналистер, бағдарлама жүргізушілері бар. Бірақ саусақпен санарлық-ау деймін. 

Бірақ экранға шыққан мамандар, қоғам қайраткерлері, жиналыс, мінбелерден естілетін сөздердің жартысынан астамы – «жарымжан» сөз.  «Жарымжан сөз» деп телерадио шешендерінің, кадр сыртында сөйлейтін журналистердің, театр сахналарындағы актерлердің қағаздағы мәтінді әуелі ауызша тілдің айтылу сазына салып алмай, бірден, сол қалпында айна-қатесіз, «әріптеп» оқуын айтып отырмыз. Осыдан барып дыбысталған сөздің қағаздағы тұрпатын көрмесе, берген ақпараттың мазмұны түгіл, естілімін құлаққа сіңдіре алмай (психикадағы дыбыс қорымен сәйкеспей), әрі-сәрі болып отыратын кездер жиілейді.

Бұл әсіресе тәуелсіз телеарналар мен радио журналистерінің тілінен, сахнадағы жас актерлер тілінен көбірек байқалады. 

Ауызша тілдің табиғаты басқа, оны дұрыс түсіну, дұрыс қолдану үшін жазылған сөзді ауызша сөзге көшіріп алу керектігі ескерілсе және жазуды оқуға айналдыратын ережелер мен бірдей етіп, қатар үйретілсе, сонда ғана тілдің айтылу мәнері бұзылмас еді. Қазақ тілінің ауызша жүйесіне көңіл бөлінбегендіктен (ауызша сөз бен жазу бір деп ұғынылғандықтан) бүгінде аға буынның сөйлеу сазы мен жас буынның сөйлеу сазы жер мен көктей болып барады.

Жазылған сөзді қалай дұрыс дыбыстау керек? 

Бұл туралы келесі жазбамызды күтіңіз.

Құралай Күдеринова

А.Байтұрсынұлы атындағы 

Тіл білімі институтының бас 

ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор



Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15