Mazir
11 ноя 09:08korilim:1 231 Madeniet / Қоғам

Тасмағамбетов: Билік қай тілде сөйлесе, халық та сол тілде сөйлейді


Билік қай тілде сөйлесе, халық та сол тілде сөйлейді, деді мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетов.

"Қазақ тілі өзінің ауызша және жазбаша бірізділігі бар әлемдегі жоғары дамыған 600 тілдің, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие 200 тілдің қатарында екен. Кез-келген тілдің әлеуеті оның сөздік қоры байлығымен өлшенеді. Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде өте бай тіл. Бұл қазақ тілі – ғылым мен технологияның тілі емес дейтіндерге жауап", - дейді Тасмағамбетов "Қазақ әдебиеті" газетіне берген сұқбатында.


Дегенмен, адамзат тарихында талай халықтың тілі жойылып кеткені белгілі. Оның басты себебі – қолданыстан шығуы. 
"Өкінішті-ақ, бірақ тіл мәселесі біз үшін өзінің өзектілігін әлі жойған жоқ. Тәуелсіздігіне 30 жыл болған ел үшін бұл өте ұят", - дейді саясаткер. 

Оның айтуынша, мәселе іс-қағазда ғана емес. Жанашырлық, ең бірінші, биліктен бастау алу керек. Себебі билік қай тілде сөйлесе, халық та сол тілде сөйлейді.
"Мемлекеттік комиссияның төрағасы болдым. Сол кезде 5 облысты таңдап тұрып, хат жаздым. Барлығына бір ғана – "іс-қағазды толығымен қазақ тіліне көшіріңдер" деген талап қойдым. Одан бері 20 жыл уақыт өтті. Білуімше, Қызылорда мен қазіргі Түркістан облысынан басқасында нәтиже жоқ. Жасырын емес, халықтың мұрасы, ұлттың тілі деген ұғымдарға шекеден қарайтын, салт-дәстүрді ескінің қалдығына балайтындар билікте аз емес. Сондықтан санадағы өзгерістер соларды райынан қайтарудан басталса, ең басты жетістік осы болар еді", - деді Тасмағамбетов.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15