Mazir
17 июн 00:10korilim:1 939 Қоғам

Д.Жолжақсынов Тасмағамбетов туралы: Енді қызметке шақырса да бармайтын шығар


Иманғали Тасмағамбетовтің елші қызметінен кеткені туралы былтыр 18 желтоқсанда шыққан ақпарат ел ішінде дүрбелең туғызды. Саяси өзгерістер орын алған тұста танымал тұлға енді қандай қызметке тағайындалар екен деген сұрақтың маңызы арта түсті. Алайда, Ақорда мемлекет басшысының жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовті зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатты. 
Одан бері алты ай уақыт артта қалды. Иманғали Нұрғалиұлы Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы қайтыс болғанда Алматыда төбе көрсетті. Содан бері белгілі саясаткер бұқара алдына шыққан емес. Тасмағамбетовтің жақын әрі үзеңгілес досы, Қазақстанның Халық әртісі, актер Досхан Жолжақсынов саясат сахнасынан кеткен белгілі тұлғаның немен айналысып жүргенін айтып берді. Актер Иманғали Тасмағамбетовті соңғы рет 17 мамырда көрген, бірақ телефонмен жиі сөйлесіп тұрады екен. Екі-үш күн Алматыда болып, жақында астанаға кетіпті. Жолжақсыновтың айтуынша, Тасмағамбетов негізінен немерелеріне қарайды. Олар екі қалада тұрады екен. 
«Еш айтарлықтай жоспары жоқ. Емделіп, демалып, отбасы қасында, немерелеріне қарайды, бүкіл шаруасы осы. Кітап оқиды. Денсаулығына қарайды. Осындай енді. Таяқ ұстап тұрған кәрі емес. 63 жас деген пайғамбардың жасы дегенімізбен, Шариғат туралы, пәлсапалық тұжырымдар жайлы, жақсы-жақсы тәлімді әңгімелер айтатын жас қой бұл өзі», - дейді жақын досы туралы актер. 
Жолжақсынов Тасмағамбетов жоғары жақтың шешімін қиналмай қабылдағанын айтты. Бірақ досы үшін белгілі актердің өзі күйінетін сияқты.   
«Айтпаса, сөздің атасы өледі. Қызметке келгенде нағыз тепсе темір үзетін кезі еді ғой. Біріншіден, өмірлік тәжірибесі де, қызмет, саясат жолында да тәжірибесі жетеді. Енді демалысқа шыққаннан кейінгі тірлігі осы болып қалды. Бірақ оның көңілін, көкірегін ашып көру оңай шаруа емес. Өзі мықты азамат болған соң, білдірмейді. Негізі, іші-сыртының бәрі көзінен көрініп тұратын тазалығы бар. Бәріміздің тірлігіміз осы енді. Зейнетке шыққан соң 5-6 тиынды күтеміз. Ол немерелеріміздің ойыншығынан аспай қалады. Ешқандай қоғамдық жұмысы жоқ. Қолдан келген дүниелерді елшілікте жүргенде де істеді. Сол жақтағы қазақтардың бас қосуына да, олардың ұлттық құндылықтарды тануына да біраз ықпал жасады. Біраз батырларымыз бен тұлғаларымызға ескерткіш ашуға себепші болды. Қолдан келгеннің бәрін жасады. Қазір енді шақырса да бармайтын шығар», - деп өкінішін білдірді Жолжақсынов. 
Дереккөз: KAZ.NUR.KZ
Басып шығару
lasuna pills - buy cheap diarex buy generic himcolin online

how to get neurontin without a prescription - sulfasalazine 500 mg oral sulfasalazine 500 mg uk

buy benemid without a prescription - carbamazepine 400mg brand buy carbamazepine

purchase celecoxib online - generic celecoxib buy indocin generic

diclofenac order - buy aspirin 75mg sale aspirin uk

rumalaya pills - order rumalaya online cheap endep 50mg pills

pyridostigmine 60 mg canada - purchase imitrex generic buy generic azathioprine over the counter

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15