Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер жөніндегі департаментінің басшысы қомақты қаражат жымқырды деп айыпталуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Басшы қазақстандық кинемотография контентіне қатысты мемлекеттік қаржыландыру негізінде көрсетілген қызметтердің актілеріне қол қою арқылы бюджет қаржысын жымқырды деп күдікке ілінген.
Тергеу, тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Өзге ақпаратты жариялау заңмен шектелген. Нақты шешім сот үкімінен кейін ғана белгілі болмақ.
Басып шығару