Mazir
02 апр 12:16korilim:1 891 Madeniet

«ІТ тірлік». Онлайн платформалар неге қарғыстың астында қалды?


Жаһандық даму көшінің басты бағыты – технологиялық үдеріс. Қабылдауға ауыр тисе де айталық, қағаздың дәуірі келмеске аттанып барады. Заман талабы – бұл. Жеті атасын түгелдеп, жағың талғанша жамандап, тілің жеткенше қарғағың келсе-дағы бағыт таппайсың. Айналсоқтап келіп, белгілі бір территорияда ғана осындай ғаламдық игілікті жерсіндіруге талпынып жатқан азаматтарға шүйлігесің! 

Өткен жылдың аяғында «күллі жаңашылдықтың жаршысы, «сапаның» саңлағы» - Қытайда басталған коронавирус аз уақыт ішінде ғаламдық індетке айналып, тұралап тұрған экономиканы шықшыттан соқты. Есеңгіреген экономика, оның ішінде «қарқынды дамып келе жатқан» қазақстандық экономика, әлі есін жия алмай отыр. 

Біз елдегі онлайн білім беру платформаларының тарапына айтылып жатқан сын мен орынсыз тағылған мін турасында сөз қозғамақ ниеттеміз. Алдымен бірлі-жарым дүниеге тоқталайық. 

КАРАНТИН

Рас, коронавирус Қазақстан аумағында тіркелген күннен бастап желідегі лентада тыныштық жоқ. Бәзбіреулер түрлі хэштегтермен «пиари» акция жасап, бедел жинауға ұмтылса, енді бір легі таң бозынан іңір қараңғысына дейін инфекцияның түп-тұқиянын түгелдей балағаттап, зар еңіреп отыр. 

Әлбетте, пандемия деңгейіне көтерілген қатерге бей-жай қарамаған абзал. Әйтсе де, желідегі жазбасы мен көшедегі қылығы бір арнаға тоғыса алмай жүргендер жетерлік. Мойындау керек. 

Карантин мемлекеттік бюджетке аз салмақ түсірмегені анық. Амалсыздан, тартыншақтап келіп қызметкерлерге апталық демалыс беруге мәжбүр болдық. Бұл – елдегі ішкі айналымның, нарықтық-экономикалық жүйенің «орбитадан шығуы». Қаншама қаржы операциялары тоқтатылды, қаншама жобалардың старт алу мерзімі шегерілді. Салықтың түсуінің сап тыйылуы, тауар айналымының тұралауы – зардабы бірнеше жыл бойы төбе көрсетіп тұратын дүниелер. 

Бұл уақытта мемлекет һәм оппозиция деген ірі деңгейдегі «таптық» бөлініс болмауы тиіс. Осы мәселе туралы бірнеше оппозиционерлер де пікір білдірді. 

Елде коронавирус жұқтырғандар саны 400 адамға таяды. Бұл – халық санына шағып, пайыздық үлесін басқа елдердегі көрсеткішпен салыстырғанда «шүкір» деуге келіңкіремейтін мөлшер. 

30 жыл мемлекет мойнында болған жауапкершілік қамыты (ұлттық, қоғамдық һәм мемлекеттік) бұқараның өз иығына түсіп отыр. Қайтпек керек? Бөліп берейін десең қалтаңның тесігінен саның жылтырап көрініп тұр. Азаматтық позицияңды біл, жеке не жалдамалы, әйтеуір бейбіт күнде бас сұғып жүрген баспанаңа ырықты түрде қамал. Бұл – біреудің біреуге берген бұйрығы емес, миллиондаған адамның саған қарата айтқан бұйрығы. 

42 500 ТЕҢГЕ

Әлеуметтік желі – социумның көңіл-күй барометрі. Лента бойлап 5 минут жүрсеңіз, халықтың азасын, қуанышын, туған күнді де, қайғылы жағдайды да, мақтауды да, даттауды да көресіз. Сауалнама жүргізу тек спикердің атын көрсету үшін, жауапкершілік үшін ғана қажет. 

Бір аптадан соң қазақстандықтардың демалысы бітеді. Жұмысы әлі шегерілмеген қызметкерлер кеңсені бетке алады. Лайым, ешкім жұмысынан қуылмасын, қысқармасын! Сонымен қатар, 6-сәуірден бастап мектеп оқушылары онлайн-сабаққа кірісе бастайды. 

Кейбір көзі ашық азаматтар ғана «Оу, халайық» деп үн тастамақ ниетте бірлі-жарым пост жазғаны болмаса, елдің дені Үкімет ақша төлесін, «мұнайдың ақшасы қайда», «уран мен газдың ақшасы қайда» деп халықаралық сот образынан әлі шыға алмауда. 

Бұл індет, әрине, елдің экономикалық һәм әлеуметтік ахуалына соққы болды. Бірақ ақшадан маңыздырақ дүние бар екенін ұмытпаған абзал. Ол – баланың, жастардың болашағы. Алда әлі бір тоқсан оқу бар. Білім бағдарламасынан кейіндеп қалсақ, екі қадам шегінеміз. Ал білім – болашаққа құйған капитал. Бұдан құнды ештеңе жоқ!

ОНЛАЙН

Ел басына күн туса, ер етігімен су кешеді, ат ауыздығымен су ішеді. Амал тауып, жылжи берсек кесел де өтер. 

Қазір жоғары оқу орындарының көпшілігі ZOOM.US деген бейнеконференциялар өткізу үшін түзілген бағдарлама арқылы сабақ өтуде. Мойындау керек, шетелдік ІТ-мамандар бұл қосымшаны өте қолайлы етіп жасаған. Айталық, қосымшаға 100-ге тарта адам бір мезетте кіре алады, конференция ұйымдастырушы әр «спикерді» жеке бақылап, оның дауысына және бейнесіне ықпал жасай алады. Көпті сары уайымға салатын нәрсе – қосымшалардың әлеуеті. Бұл дүние осы критерий бойынша ешқандай сынға ұшырай қоймайды, сірә. 

Ерекшелігі – конференция ұйымдастырушы, біздің жағдайда, мұғалім студенттің компьютерін басқара алады. Осы функция арқылы студент үй жағдайында отырса да, жоғары баға алу үшін интернеттегі «оңай олжаға» шеңгел сала алмайды. 

Екінші ерекшелігі – қосымшаның қолжетімділігі. Бұл жерде аталған игіліктерді пайдалану үшін бір тиын төлемейсіз. Қажетіңше пайдалан, оқы, үйрен, сөйлес. Жетістік. 

Ойдың екінші ұшы «бізде осындай кереметтердің отандық аналогы неге жоқ» деген сұраққа келіп тіреледі. Жаппай «ІТ-маман жоқ» деп бастап, «қазақ еріншек, жастар жалқау» деп аяқталатын жадағай ойға бас ұрудан бек аулақпыз. 

Мәселенің мәні – елде онлайн игіліктерге сұраныстың болмауы. Қазірдің өзінде бейнеқоңырауларды, онлайн-жүздесулерді маңызды деп санайтын, уақыт талабы әрі замана игілігі деп қабылдайтындардың қарасы аз. Білсеңіз, әлемдегі үздік білім беру ордалары онлайн-сабақтарды күнделікті тіршілік процесіне оңай енгізіп алды. «Ұнайды ма, иә», «Оңай ма, оңай», «Жылдам ба, әрине», «Ыңғайлы ма, ыңғайлы», «Уақыт үнемдей ме, әлбетте». Міне, онлайн-ғұмырдың жетістігі – осы. 

«ДАРЫН»

Әлеуметтік желіде белгілі ІТ-маман, технократ Садық Шерімбек ақтарыла пост жазыпты. Бүй дейді: 

«Кешегі Тәжвирустан сақтану шараларымен қалалар карантинге кетерден бұрын елдің атқамінерлері осы кезеңдегі елдегі жаппай білім беру ісінің онлайнға көшу мүмкіндігін айтқанын бәріміз естідік. Бірақ, қалай? Қалай көшірмек? Өйткені, Қазақстанда 90% қазақ тілінде білім алатын оқушылар үшін онлайн білім беретін кең шешімдерді қарастырған платформалар жоқ еді. Біздің өзіміздің олардың барлығын қамти алатын әлеуетіміз бен ресурсымыз болған жоқ. Бірақ, бар шешімдердің ішіндегі салыстырмалы түрде ең қолайы әрі жетігі Daryn.online еді. Сондықтан да, біздің команда әлеумет алдындағы жауапкершілігіміз бен міндеттерімізді сезіне отырып, жобаны карантин кезеңінде толық ақысыз режимде көпшіліктің игіліне беруді жөн санадық. Бұл ұсыныспен біз ең алғаш болып, Білім Министрлігіне интернет ресурстар арқылы үндеу жасадық. Министр Askhat Aimagambetov мырза жобаны көріп, министрлік мамандары тексеріп, мемлекеттік стандартқа сай екендігіне көздері жеткен соң, сенім білдіріп мектептерге онлайн білім алуға болатын платформалардың бірі ретінде ұсынды. Сол аралықтан бері бізге бұрын-соңды болмаған бірталай айыптаулар келе бастады. Әрине, жоба игілігін көріп жатқан азаматтарымыз шаш етектен. Дегенмен, араларыңыздағы кейбір күмән тербеген сауалдарға осы тұста жауап беріп, бұл тақырыптарды жапсам деп отырмын. Өйткені, қазір бізде бұларды талқылауға уақыт та жоқ». 

Біз заманның талабын түсінген, бейімделуге бейіл һәм дархан пейіл қазақ болсақ, осындай «limited edition» мамандарды төбемізге көтеруіміз тиіс. Біз қайттік?.. айыптаулардың дені келесідей: 

«БҰЛ ЖОБАНЫҢ АРТЫНДА БІРЕУЛЕР ТҰР?! ТАБАМЫЗ!»

«МЕМЛЕКЕТТЕН АҚШАНЫ СОРЫП ЖАТҚАН ШЫҒАРСЫҢДАР!?»

«КОРОНАВИРУС ЖАҚСЫ БОЛДЫ ҒОЙ СЕНДЕРГЕ?!»

«ЖАНДАРЫҢ АШЫСА НЕ ҮШІН ТІРКЕЛУ ҚОЙҒАНСЫҢДАР?»

«ОЙ, ОСЫ ИНТЕРНЕТТЕРІҢ БӘЛЕ БОЛДЫ ҒОЙ...»

«ӘУЕЛІ, САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП АЛЫҢДАР!»

Бәлі, сонда онлайн-платформаның негізін қалаушы Айбек Қуатбай мен Садық Шерімбектің елдегі ауыр жағдай кезінде ондаған миллион теңгенің жобасын, кіріс көзін тегін еткенде әлеуметтен алған алғысы осы болғаны ма?!

Мына нәрсеге назар аудара кетелік: Қазір «Онлайн-сабақ үшін әр балада аккаунт болуы керек, өзіміз битімізді сығып отырғанда әр балаға қайдан смартфон алып береміз» деп ұран тастағандардың айналасына жиылып, жұмыла айғай көтеріп жатқандардың қарасы мол. 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қазір елдегі кез келген отбасыда кем дегенде заманауи талапқа сай екі смартфон бар. Бір смартфонға бір мезетте бірнеше аккаунт тіркеледі. Әркімнің аккаунты – өз меншігі. Үй ішіндегі әркімнің жеке бөлмесі іспетті. Аккаунтта жеке тұлғаның материалдары, қызығушылығына сай ұсынылатын материалдары, сайттар тізімі толық сақталады. Бір аккаунттан екіншісіне көшу үшін әрі кетсе 5 секунд уақыт қажет. 

Демек, бұл байбалам – орынсыз. Есесіне ел басына күн туғанда жеке көзқарасты жиып қойып, ортақ мүддеге, ел мүддесіне үн қосуымыз шарт. Барымен базар, алдағы асқа қанағат. Ортақ мүддеге біріксек, жетім бала аш, жесір әйел жалаңаш қалмас. 

Әлеуметтік ахуалды айналып өту – әбестік. Бұл тақырыпты тек уақытша жапқан абзал іспетті. Қазір мемлекет тарапынан берілетін «қанағатшыл-жәрдемақыны» алудың жолдары ресми сайттарда түрлі көрнекі құралдар арқылы әрбір әрекетіңді қалай жасау керектігіне дейін көрсетіліп тұр. 

Айтпақшы, қазақ қоғамы онлайн-тіршілікке төбеден қарағаны үшін көптеген игіліктен құр қалып жүр. Халыққа қызмет көрсету орталығындағы құжынаған адам, банк кассасында жалақы алуға кезекке тұрған нөмір жұрт – осының дәлелі. Тері киіп, ат мініп жүрген бабамыз бізден гөрі интеллектуалды екен. Мынаны айтып кеткен, өйткені: «... бас – екі аяқтың соры». Бүгін екі аяқтың жанына тіл мен саусақ қосамжарланыпты...

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15