Бекшин сөзінде тұрды: Қазақстанда коронавирус анықталды

  • 13 мар, 15:19
  • Көрілім: 342
Екі қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олар Германиядан келген.

"Баршаңыз білесіздер, біз үш ай бойы коронавируспен күрестік. Қажет шараларды қолдандық. Бүгін екі бірдей қазақстандықта коронавирус анықталды. Олар Германиядан келген. Екеуі де Алматыдағы арнайы орталыққа жеткізілді. Барлық ем-дом шаралары жүргізілуде. Жағдайлары жақсы", - деді министр Біртанов.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы індетті пандемия де жариялады. Қазіргі уақытта әлемде коронавирусты 126 мың адам жұқтырған.
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру