Бұрынғы полиция қызметкері Сейтжаппаров Сәкен Абай ауылының тұрғыны - 16 жастағы жасөспірімді үш жыл бойы жүйелі түрде зорлап келген. Оған сот 15 жыл жаза кесті.
«Қазір ғана Түркістан облысында жас жігітті үш жыл зорлаған экс-полицейге қатысты сот үкімі шықты. Оны 15 жыл бас бостандығынан айырды», - деп жазды жәбірленушінің адвокаты Айман Омарова.
Омарованың айтуынша, прокурор айыпталушыға 11 жыл жаза сұрағанымен, сот 15 жыл жаза кесуді ұйғарған.
«Менің ойымша, осындай адам үшін 15 жылдың өзі аз. Ол баланың өмірін құртты», - деді ол.
Адвокаттың айтуынша, полиция қызметкерінің жас жігітке қызығушылығы 2013 жылы басталған. Егер болған жайды біреуге айтатын болса, интимдік суреттерін желіге жариялап жіберемін деп үркіткен. Онымен қоймай, ара-тұра баладан ақша бопсалапты.
Басып шығару