Шымкенттегі қылмыстыұ істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Сарыағаш аудандық тіркеу және сараптама бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты.
"Б. Ешанқұлов ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында және аудандық РЕО басшыларымен бірге 2015-2016 жылдары қызметтік өкілеттілігін пайдаланып жалған жүргізуші куәліктерін жасаумен айналысқан. Сондай-ақ жемқорлыққа қарсы қызметкерлеріне пара ұсынған"- деп хабарлады сот.
Айыпталушы өз кінәсін мойындадыСот Б. Ешанқұловты 10 жылға бас бостандығынан айырып, мемлекеттік қызметке және құқық қорғау органдарына лауазымға орналасу құқығынан мәңгілікке және полиция подполковнигі атағынан да айырды.
Басып шығару