Өрт салдарынан 25 жекеүй, 31 коммерциялық нысан және 41 автомобиль бүлінген.
Соңғы мәліметтер бойынша, он адам қаза тапты, оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 50-ге жуық адам ұсталды. Барлығы 170-тен астам адам медициналық көмекке жүгінді.
Күрделі түрде көптеген операциялар жасады. Кейбір ауыр жарақаттар болды, негізінен жарақаттардың басым бөлігі- оқ жарақаттары. Жансақтау бөлімінде әлі де ауыр халде 14 адам бар (Қордайда екеуі және Алматыда 12 адам). Ауруханаларға 43 адам орналастырылды(Қордайда - 13, Таразда - 25, Алматыда - 25, Қырғызстанда - төрт), бірқатар науқастар шығуға дайындалып жатыр », - деді Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камалжан Надыров.