Ақтауда 25 жастағы жігітті итбалық тістеп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол демалыс орнының жағалауында жалғыз шомылып жүрген жерінен тап болған. Итбалық оның қолын тістеп, арқасына және иығына сызат түсірген.
«Жігіт шағыммен өз бетінше жүгінді. Ол амбулаторлық емге жолданып, үйіне жіберілді», - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, бұған дейін итбалық қаланың 14-шағынауданында суға түсіп жүрген екі қызға шабуыл жасаған еді.
Басып шығару