Қарағанды қаласындағы №50 орта мектептің төбесі құлап кетті. Абырой болғанда адам шығын жоқ.
Қарағанды қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, маусым айының соңында №50 мектептің спорт залында ішкі жөндеу жұмыстары басталған. Мердігерлер спорт залдың төбесіндегі жұмсақ шатырға жөндеу жұмыстарын жүргізген. 8 шілде күні сағат 21.00-де спорт залдың шатыр тіреулері құлап кеткен.
«Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Мектеп ғимаратында апаттың белгілері болған жоқ», - деді білім бөлімі. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша тергеу жүргізу және болған оқиғаның себептерін анықтау үшін ведомствоаралық комиссия құрылды.
Басып шығару