«Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) қозғалысының өкілдері Ауғанстанда олжаға алынған техниканы қолдана отырып әскери шеру өткізді.
Талибан Ауғанстанның екінші үлкен қаласы Кандагарда жаңа армия құру үшін Ауған және халықаралық күштердің бұрынғы көліктері мен тікұшақтарын қолдана отырып әскери шеру өткізді.
Әскери көліктер колоннасы әуежайды қала орталығымен байланыстыратын Кандагардың негізгі тас жолымен өтті. Бұл кезде дауыс зорайтқыштардан діни музыка естілді.
Қазіргі уақытта Талибан әскери бөлімдерді қайта құрумен және атауларының өзгертумен айналысуда. Осылайша, бұрын «Аттал» деп аталған Кандагардағы армия корпусы арабша «Аль-Бандар» деп өзгертілді.
Фото: m.123ru.net Басып шығару