Бүгін таңғы 6:00 шамасында Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Тасарық ауылындағы мектептің бу қазандығы жарылды.
Бұл туралы Bairaq.kz inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға №238 мектепте болған. Апаттық жағдайдан ешкім зардап шекпегені айтылды.
– Оқиға орнына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен орынбасарлары, аудандық білім бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімінің басшылары арнайы келді. Жағдайды қатаң бақылауға алды.
– Қазіргі таңда апаттық жағдай орын алған жерде арнайы құрылған жұмысшы топ зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Апаттың шығу себептерін анықтауда. Оқушылардың үздіксіз білім алуы үшін мектептің бу қазандығы тез арада қалыпқа келтіріледі, – деді Қазалы ауданы әкімдігінен.