Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов «Тәуелсіздік – біздің бақытымыз» атты жаңа кітабын жарыққа шығарды.
Мемлекет басшысы өзінің жаңа еңбегі туралы Халк Маслахаты отырысында айтты. Отырысқа депутаттардан бөлек, ел басшылығы түгел қатысты.
«Түрікменстан басшысы жиынға қатысушыларға өзінің жаңа кітабын аяқтағанын жеткізді. Кітаптың атауы – «Garaşsyzlyk – bagtymyz» («Тәуелсіздік – біздің бақытымыз»)», - деп жазды жергілікті газет.
Бердымухамедов өзінің еңбегінде халқының тәуелсіз тарихын талдап, болашағына қатысты бүгінгі жұмыстарына сараптама жасайды. Түрікменстанның халықаралық аренадағы даму қарқынына баға беріп, жоспарлы әрекеттерге тоқталады.
Басып шығару