Mazir
11 дек 12:11korilim:1 573 Қоғам

Тәуелсіздік Тұғырым Менің!

  
  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 10.12.2019 жылы        әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университетінің  химия және химиялық технология факультеті, фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығының  1 курс студенттерімен  ағылшын тілінде тақырыптық «Independence Day of Kazakhstan» атты ашық сабақ өткізілді. Сабақ еліміздің Әнұраныменен  басталды. Жүргізуші Нұржанқызы Айдана Тәуелсіздік күнінің маңыздылығын атап өтті.Қазақстан Республикасы - жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтетін Республиканың ұлттық тәуелсіздік күнінің басты ұлттық мерекесі. Мерекелік күнді таңдау кездейсоқ болған жоқ, 1991 жылы Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі және мемлекеттік егемендік туралы» заң қабылдады. Дәл бір жылдан кейін Бірінші Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Жарлыққа қол қойды, содан кейін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі және мемлекеттік егемендігі туралы» заң қабылданды.



Нышанбаева Аружан, Лесбек  Сымбат,Жаңабаева  Құндыз Желтоқсан көтерілісі жайлы баяндама жасады. Баяндамада Желтоқсан көтерілісі себептері, көтеріліс хронологиясы, тарихи маңыздылығы және құрбандары мен батыр ұл-қыздары жайлы  айтылды. Сондай-ақ, «Желтоқсан оқиғасы» атты көрініс  көрсетілді. Көріністе Әсілбек Алтынай, Абдуов Самат, Нұржанқызы Айдана, Қайыртай Сания, Баянбаев Бекжан актерлік шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендері толғанттырды.
 Ашық сабағымыз Нұрахметова Нұрайдың орындауындағы  студенттеріміздің патриоттық сезімін оятатын «Қазақстаным» атты әнімен жалғасты.

Тәуелсіздігімізге биыл 28 жыл толып отыр. Қайыртай Сания «Тәуелсіз Қазақстан» атты ағылшын тілінде презентация дайындап,бүгінгі Егемен Қазақстанның жетістіктері жайлы баяндады.

Қазақстан - бұрынғы КСРО елдерінің егемендігі туралы заңға қол қойған соңғы мемлекет. Қазақстан  - соңғы жылдары жедел дамып келе жатқан Орталық Азия аймағының көшбасшысы. Халық шаруашылығындағы елеулі прогресс кеңестік дәуірге тән негізінен өндіруші салаларға сүйенетін экономикалық жүйені қайта құрылымдаудың арқасында қол жеткізілді.

Тәуелсіздікке қол қойылғаннан кейін бірқатар экономикалық реформалар, саяси реформалар жүргізілді, бұл республиканың халықаралық деңгейде беделінің едәуір жоғарылауына әкелді. Бүгінгі таңда Қазақстан батыс және шығыс мемлекеттерінің сенімді серіктесі ретінде белгілі, республика аймақтық және халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады.

Өткен жылдар ішінде Қазақстан тиімді экономикалық реформаларды жүргізе отырып, жаңа мемлекеттің пайда болуын бастан кешірді. Қысқа тарихи кезеңде қазақстандықтар демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құра алды.

Әсілбек  Алтынай, Калиева  Ботагөз ағылшын тілінде «Independence» атты сөзжұмбақ жасап, студенттердің білімін арттырды.  Орынбаева Гүлбану Қалқаман Саринның «Тәуелсіздік» өлең жолдарын оқып, студенттердің жүрегін тебіренттірді. Сондай-ақ, Қаржаубаева Нұрсұлу ағылшын тілінде викторина ұйымдастырып, студенттердің білімін тексерді.

Сабағымыздың аяқтай келе, студенттер домбыраның сүйемелдеуімен «Желтоқсан Желі» атты әнін орындады. 

Біздің жас және қарқынды дамып келе жатқан еліміз  Қазақстан өзінің экономикалық және әлеуметтік дамуындағы өтпелі кезеңді сәтті аяқтап, таяу жылдары жаңа сапалы өсуді қамтамасыз етуге дайын.

Индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында елімізде жаңа өндіріс ашылып, ауылшаруашылығы дамып, әлеуметтік сала нысандары пайдалануға берілді.
  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Халқыны ұмытуға өткенді кім?

Өткен уақыт бізді азат еткен бүгін,

Тарихын білетіндер түсінеді

Теңдіктің бізге қалай жеткендігін.

******

Тәуелсіздік -көңілді саған бөлсек,

Көрген адам бар ма екен бағанды өлшеп,

Ел үшін ең керегі деп білемін 

Қадіріңді білетін маған келсек.

****

Еркін елдің қалмасын күйі құлап,

Бұл да бір жаратқанның сиы бірақ,

Қиындықпен келсе де тәуелсіздік

Сақтап қалу одан да қиынырақ.

******

Отансүйгіш адамдар аз-ақ бүгін,

Дәлелдесін әр қазақ қазақтығын,

Алты алаш алшаң басып жүре алмаса

Қадірің де жоқ онда азаттығым.

*****

Тарихын шала қазақ қайдан білсін?

Еліңе тиіп әр кез пайдаң жүрсін,

Ескерткіштер алдында тұрған гүлдер 

Елдегі әр адамды ойландырсын.


Авторы: Химия және Химиялық технология факультетінің 1 курс студенті Қайыртай Сания


Дайындаған: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шет тілі кафедрасының оқытушы Мырзахмет М.Ж 

Басып шығару
buy lasuna cheap - buy cheap lasuna oral himcolin

buy cheap besivance - buy besifloxacin for sale cheap sildamax

neurontin 800mg over the counter - sulfasalazine 500mg generic oral sulfasalazine

purchase benemid for sale - order monograph 600mg generic tegretol tablet

buy mebeverine 135mg online - cost colospa buy pletal 100 mg for sale

voltaren drug - order aspirin 75 mg sale buy aspirin

purchase rumalaya without prescription - rumalaya price cheap amitriptyline

generic pyridostigmine 60 mg - where can i buy mestinon where to buy azathioprine without a prescription

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15