Отандық белгілі суретші қайтыс болды

  • 21 июл, 17:02
  • Көрілім: 274

Алматыда белгілі қазақстандық суретші Вадим Сидоркинкөз жұмды. Қаралы хабарды Суретшілер одағы растады.

62 жасында дүниеден озған Вадим Сидоркиннің өліміне не себеп болғаны айтылмады.

Вадим Сидоркин –Евгений Сидоркин мен Гүлфайрус Исмаилова сынды атаөты суретшілердің ұлы. Евгений Сидоркин - Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын безендіріп тұрған алып декоративті панноның авторы және Әуезовтің «Абай жолы» классикалық романының иллюстрациясын жасаған. 

Сондай-ақ, Қастеев атындағы өнер мұражайы коллекциясының інжу-маржаны болып табылатын «Қазақ вальсі» картинасы қылқалам шебері Гүлфайрус Исмаиловаға тиесілі. Сондай-ақ ол Күләш Байсейітованың, Дина Нұрпейісованың және басқалардың портреттерін салған.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру