Тәжікстанда жер сілкінісі болып, 5 адам қаза тапты. 2 бала жарақат алып, ауруханаға түсті. 6 балдық зілзала ошағы Душанбеден 165 шақырым жерде солтүстік-шығыс аймақта тіркелген.
Алдын ала ақпарат бойынша жерасты дүмпулерінен бірнеше елді мекенде 20-ға жуық үй қираған. Президент Эмомали Рахмонның тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Комиссияны елдің премьер-министрі басқарады.