«Терминологиялық база: тәжірибе және технология» республикалық әдістемелік семинарының
БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ
Нұр-Сұлтан қаласы 2021жылғы 23 маусым
Өтетін орны: Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Сауран көшесі, 7 а.
2021 жылдың 23 маусымда сап5ат 10:00 деНұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, «Терминологиялық база: тәжірибе және технология» атты республикалық әдістемелік семинар өтеді.
Семинардың мақсаты – терминтанушы ғалымдар мен ІТ саласы мамандарының семинардағы пікірлерін ескере отырып, терминологиялық база қалыптастырудың халықаралық озық тәжірибелері мен инновациялық технологияларды зерделеу арқылы терминологиялық базаны жетілдірудің алгоритмін әзірлеу.
Семинарда белгілі терминолог ғалымдар – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы Сәбира Исақова, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Сәрсенбай Құлмановжәне осы мәселемен маманданып жүрген жас ғалымдар баяндама жасайды.
Іс-шараға лингвист ғалымдар, орталық жәнежергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, БАҚ өкілдері және т.б. қатысады.
Байданыс телефондары: 8 (7172) 27-30-42, 74-14-97, 7 7023840277
Басып шығару