Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев әскери ынтымақтастық туралы келісімге келді. Екі елдің басшылары Шуша қаласында екіжақты ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды.
«Біз сапалы әрі жаңа байланыстар құрдық. Осы декларацияның барлық тармақтары біздің болашақ ынтымақтастығымыздың кепілі болып табылады», - деді Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев.
Сондай-ақ, декларацияда халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық, саяси, экономикалық, сауда қатынастары, мәдениет, білім, спорт, энергетикалық қауіпсіздік сияқты маңызды мәселелер көрсетілгені айтылды. Өз кезегінде Ердоған Қарабақты қалпына келтірудің бірлескен жоспарларын жариялады және Шушада Түркияның бас консулдығын ашу ниеті туралы мәлімдеді.