ҚР Көліктегі бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.
COVID-19 індетіне байланысты «қызыл аймақтағы» өңірлерде «Ashyq» жобасына қатыспайтын әуежайларға күтіп алушылар мен шығарып салушылардың кіруі шектелетін болды.
«Тәуекелі жоғары («қызыл» аймақ) өңірлерде, «Ashyq» жобасына қатысатын әуежайларды қоспағанда, күтіп алушылар және шығарып салушыларды әуежайлар ғимараттарына кіргізуді шектеу қамтамасыз етілсін», - деп жазылған құжатта.
Теміржол вокзалдарына да «Ashyq» жобасына қатыспайтын күтіп алушылар мен шығарып салушылардың ғимаратқа кіруіне тыйым салынды. Қаулы қол қойылған сәтінен - 11 мамыр, сағат 20:15-тен бастап күшіне енеді.
Басып шығару