Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Республика аумағында «Ashyq» жобасына қатысушыларды көбейту мақсатында бірнеше нысанды жобаға енгізуге рұқсат етіледі.
– бірінші кезеңде 2021 жылғы 14 сәуірден бастап: кинотеатрлар; театрлар және филармониялар; банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері; ерікті қатысушылар;
– екінші кезеңде 2021 жылғы 21 сәуірден бастап: облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар; бильярд клубтары; концерт залдары;
– үшінші кезеңде 2021 жылғы 5 мамырдан бастап: 1) караоке; 2) жасыл аймақтағы банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр).