Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдымынов облыста жаңа шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды.
Жаңа шектеу шаралары 19 қазанда сағат 7:00-ден бастап күшіне енеді.
Өңірде сыйымдылығы 50 орыннан асатын қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы (асханалар, кафелер, кофеханалар, мейрамханалар және басқа мекемелер) тоқтатылады.
15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы, сондай-ақ барлық ойын-сауық мекемелерінің - түнгі клубтардың, көрмелердің, бильярд және компьютерлік клубтардың, балалар ойын алаңдарының, жабық батуттардың және басқа да ойын-сауық мекемелерінің жұмысы тоқтатылады.
Қоғамдық көліктерге 6:00-ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 20:00-ге дейін жолаушылар тасымалдауға рұқсат етіледі.
Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үштен астам адамның жүруіне тыйым салу, сондай-ақ 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуын шектеу күшіне енеді.
Спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, семинарлар, сондай-ақ отбасылық, мерейтойлық және салтанатты іс-шараларды өткізуге толық тыйым салынған.
Басып шығару