ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Қожағапанов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Ерлан Қожағапанов ебек жолын 1989 жылы бастаған. 1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 1994-2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген. 2007-2013 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2013-2016 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті қызметтерінде болған. 2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы қараша аралығында ҚР Премьер-Министрі кеңесшісінің м. а., кеңесшісі қызметін атқарған. 2017-2020 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі. 2020 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.