Mazir
14 апр 23:08korilim:1 951 Қоғам

Нурикамал Сейітжанова қайтыс болды

"Нурикамал" әнінің шығуына себеп болған Нурикамал Сейітжанова қайтыс болды. Әннің шығу тарихы өте қызық. Бұл ән сол кезде лауазымды қызметте болған Нурикамал Сейітжановаға арналған. Әннің сөзін – Ханбибі Есенқарақызы жазса, әннің авторы – Тұрдықылыш Ізтаев. 
Әннің шығу тарихы жайлы Нурикамал Сейітжанова телеарнаға берген сұхбатында айтып берді. 

Мамыр айында қозықұйрық деген болады. Жора-жолдастардың шақыруымен бәріміз Темір деген ауылға бардық. Қозықұйрық деген әдет-ғұрыптарын дайындап, сол жерде отырдық. Күні бойы далада жүрдік, атқа міндік. Ханбибі жолдасымен бірге келіпті. Ол - Тұрдықылыш Ізтаев деген керемет композитор, Шымкенттегі мәдениет институтында кафедра меңгерушісі болып істейді. Дастархан басында Ханбибі жолдасымен маған қарсы отырды. Кеш батып бәріміз мәре-сәре күйде үйге қайттық. 

Дүйсенбі күні таңеретең ілездемеге дайындалып жатқанда Ханбибі хабарласты. «Біз Нурикамал деген ән жаздық, соны сізге тыңдатайық деп едік» деді. «Мен сіздермен қозықұйрыққа ән жазу үшін бардым ба? Жоқ, мен әнді тыңдамаймын» деп телефон тұтқасын қоя салдым. Содан бес ай өткен соң маған Фариза (Фариза Оңғарсынова) апай телефон соқты. Кездесіп, шай ішуді ұсынды. Жұмыстан кейін кел деп, мекен-жайды айтты. Гүлімді алып, айтқан мекен-жайға келсем есікті Ханбибі ашты. Олардың бұл әрекеті мен өлеңді тыңдамағаннан кейінгі «айла-тәсілі» еді. Партия жұмысында жүрген соң «мынаған арнап өлең жазыпты» деген әңгімеге қаласың. Фариза апай «Нурикамал саған не болған? Бұл не масқара? Тәп-тәуір Нурикамал деген ән шығыпты. Кәні, Тұрдықылыш орында» деді. Тұрдықылыш үйіндегі күйсандығына отырып алып, әнге беріліп айтып шықты.

Кейін Ханбибі бұл өлеңнің шығу тарихын айтып берді. «Сол күні түнде менің жолдасым екіге дейін отырды. Күйсандығында әуелеп музыка жүр. Қозықұйрықта жүргенде саған екі езуінен сілекейі ағып, қарап отырған. Ее, бұл бір күйге түскен екен ғой дедім. Сол әнге сөзін жаздым да, алдына әкеліп тастадым. Әнге қарап оның сөзі тілімнің ұшына еркісіз келе берді. Ел арасында неше түрлі сөз бар. Екеуі айырылысып кеткен екен деген қаңқу сөз көп. Біз бір-бірімізді сыйлаймыз, өлеңнің шығуына мен, Тұрдықылыш, Қанбек үшеуміз себеп болдық. Осылайша "Нурикамал" әні дүниеге келді.

ВИДЕО ОСЫ СІЛТЕМЕДЕ

Фото: tengrinews.kz
Басып шығару
buy lasuna online cheap - order generic diarex buy himcolin online cheap

buy generic gabapentin over the counter - order sulfasalazine sale azulfidine for sale

where can i buy celecoxib - purchase indocin generic order indocin 75mg pill

cheap generic rumalaya - amitriptyline brand elavil 50mg sale

order voltaren 100mg online - diclofenac pill buy aspirin tablets

diclofenac tablets - voveran pills cheap generic nimodipine

buy mestinon online cheap - sumatriptan usa azathioprine 25mg generic

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15