Алматыда сауда-ойын-сауық орталығы мен базарларда вакцинация Алматыда жүргізу жоспарланған. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали мәлімдеді. Лаура Мырзағалидің айтуынша, қазір Алматыдағы емханаларда 35 вакцина бөлмесі бар. Жақында тағы 15 пункт ашылады деп жоспарлануда.
«Мүмкін бұл пункттер жеке клиникаларда болады. Біз сонымен қатар сауда үйлерінде, базарларда тұрғындарды вакцинациялау мәселесін пысықтап жатырмыз», - деді ол.
Сондай-ақ, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі жазға дейін Алматыға 197 мыңнан астам вакцина жеткізілетінін айтты.