Семей қаласындағы Қарағайлы жаңа шағын ауданындағы даңғылға Тұңғыш Президенттің есімі беріледі.
Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен қалалық мәслихаттың сессиясы өтті. Отырыс барысында төрт мәселе қаралды. Алғашқы үшеуі ведомствоаралық комиссиялардың құрамы туралы болса, төртінші мәселе – Қарағайлы жаңа шағын ауданындағы даңғылға Тұңғыш Президенттің есімін беру туралы болды.
«Болашақта мұз кешенін, білім және технологиялар трансфері мектебін ашу жоспарлануда, бірнеше функционалдық аймақтар, серуендеу аймақтары, қоғамдық тамақтану пункттері, балалар ойын және спорт алаңдары бөлінеді. Көшелерді жарықтандыру, орындықтар, қоқыс жәшіктерін және шағын сәулет нысандарын орнату қарастырылған», - деді Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Айта кетейік, Қарағайлы көшесіне есім беру туралы түпкілікті шешімді Республикалық ономастикалық комиссия қабылдайды.
Фото: semeynews.kz