2020 жылы қазақстандықтар жол ережесін бұзғаны үшін 18 миллиард теңге айыппұл төледі. Бұл туралы ІІМ мәлімдеді.
ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Садановтың айтуынша, еліміз бойынша жол қозғалысы ережебұзушылықтарын тіркейтін 12,8 мың камера орнатылған. Камера көмегімен 2,6 миллион жол тәртібін бұзу дерегі анықталды.
"Мемлекет бюджетіне айыппұл түрінде 18 миллиард теңге түсті", - деді Саданов.
Садановтың айтуынша, қазір жол қозғалысы ережелерін бұзудың үштен бір бөлігі камера көмегімен анықталады.
Басып шығару