Алматыда қылмыстық топтар арасында Серік-голова немесе Башка деген атпен танымал Серік Жаманаев сотталды. Сот Серік-голованы кінәлі деп танып, 19 жылға бас бостандығынан айырды.
Естеріңізге сала кетейік, Серік Жаманаевқа ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылған. Прокурордың айтуынша, оның қылмыстық тобының іс-әрекеттері адам өліміне себеп болған.
Басып шығару