Биыл екі облыстың әкімдері сот алдында жауап берді.
Әңгіме Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов туралы. Ол қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Тергеу бойынша, Бақауовтың жиеніне тиесілі компания 200 миллион теңге салық төлемеген. Бақауов фискалды шенеуніктерден бұл соманы 3 миллион теңгеден сәл ғана азайтуды талап етіп, сотқа жүгінді. Нәтижесінде ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тағы бір сотталған экс-әкім - Қуанышбек Ысқақов. Ол Қызылорда облысын басқарды. Ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 7 жылға темір торға қамалды. Ысқақов және оның сыбайластарының Арыс қаласын қалпына келтіруге бөлінген ақшаны жымқырғаны белгілі болды.
Алматыдағы бақылау бекетінде бооған полиция қызметкерлерінің қазасы
Көктемде Алматыдағы бақылау бекеттерінің бірінде жазатайым оқиға болды. Екі полиция қызметкері қаза тапты. Апатқа бірнеше күн бұрын жұмыстан шыққан бұрынғы әріптесі Азат Азаматов кінәлі деп танылды. Көлікті мас күйінде айдағаны анықталып, сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Шымкенттегі қару ұрлау оқиғасы
Ақпан айында Түркістанда әскери бөлімнен қару ұрлау оқиғасы орын алды. Күзде бұл іске қатысы бар басты адам - жас әскери қызметші Абылай Балғынбай 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өзінің сыбайластарымен бірге 13 қаңтардан 20 ақпанға дейін 29 пулемет, 28 Макаров тапаншасын, бір травматикалық тапанша және оларға арналған оқ-дәрілерді ұрлап кеткен.
Гагарин көшесінде жаяу жүргіншілерді қағып кеткені үшін ағайынды екі жігіт бас бостандығынан айырылды. Іс материалдарына сәйкес, олар екі автокөлікпен адамдарды әдейі қаққан. Нәтиженсінде үш адам жарақат алды. Сот екеуін де кінәлі деп тапты. Кішісі Дінмұхамед Аликеев 11 жыл 3 айға, үлкені Жандос Аликеев - 4 жыл 8 айға сотталды.
Алматы: Бес жұлдызды қонақүйдегі кішкентай қыздың өлімі
Алматыда Ұлыбритания азаматы Баракат Мохамед 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол кішкентай қызының өліміне кінәлі деп танылды. Іс материалдарына сәйкес, британдық авиакомпанияның ұшқышы мас болған, сонымен қатар есірткіге тәуелді болғаны анықталды. Әйелімен арада болған жанжалдан кейін қонақ бөлмесінде ол қызын ұрып өлтірген.
Әсия Төлесованың ісі
Азаматтық белсенді Әсия Төлесова 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазда болған заңсыз митинг кезінде Тулесова полиция қызметкеріне қол көтерген. Сот оны полиция қызметкеріне күш қолданғаны үшін кінәлі деп тапты.
Экс-банкир Ертаевтың ісі
Банкир Жомарт Ертаев Bank RBK-ге тиесілі 144 миллиард теңгені жымқыру ісі бойынша айыпталды. Ол кінәлі деп танылып, 11 жылға сотталды.
Басып шығару