Зейнетақы жинағының сомасы туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтына кіріп, жеке кабинет арқылы білуге болады.
Ол үшін жеке сәйкестендіру нөмірі мен құпиясөзді енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет. Сондай-ақ мақсатты пайдалануға қолжетімді қаржы туралы мәліметтерді egov.kz сайтында және eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы және ENPF телеграм ботының көмегімен тексеруге болады. 1418 қысқа нөмірі бойынша байланыс орталығынан қосымша ақпарат алып, қызықтырған сауалдарыңызды қоя аласыздар.
Зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін пайдалану үшін, мысалы 30 жастағы азаматтың шотында – 2 жарым миллион теңге «жеткіліктік шегі» қалуы қажет. Әр жас үшін тиісті «жеткіліктік шегі» белгіленген.
Басып шығару