Mazir
02 дек 00:25korilim:2 050 Қоғам

Назарбаев сатқындар туралы айтты


Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сатқындарға деген көзқарасы туралы айтты.

«Мейірімділік ешқашан адамның кемшілігі емес. Адам, негізінен, мейірімді болуға тырысуы керек. Бірақ егер мейірімділік бизнеске, мемлекеттің дамуына кедергі келтірсе, онда бұл мейірімділік жақсылыққа жұмыс істемейді. Бұл жерде бөліп қарастыру керек. Біз кадрларға деген мейірімділік туралы айтайық. Егер ол түзеле алмаса мен мейірімділік танытып орнында қалдырсам, адамдар маған не дейді? Сондықтан мен кейде туыстарыма да қатал болдым, Бұл дұрыс болды, басқа таңдау болған жоқ. Біз жас мемлекет едік. Алдымызда не күтіп тұрғаны белгісіз болды. Бізге ешкім мемлекетті қалай басқаруды үйреткен жоқ, біз еш жерден тәжірибе алмадық. Біз қалай әрекет етуді, не істеу керектігін білмедік. Бұл жерде, әрине, қателіктер болуы мүмкін», - деді Назарбаев  «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар еліміздің Тұңғыш Президенті кадрларды таңдау туралы айтты.

«Адамға сеніп, 100 пайыз жақындатқанда сені арқаңнан таспен немесе басқа нәрсемен ұруы – өте жиіркенішті. Сен оған себепсіз жақсылық жасадың, ал ол саған қара ниетпен, жеккөрушілікпен жауап берді. Мен кешірмеймін, бірақ ұмытып кетемін, есіме алмауға тырысамын, өйткені мен сатқын адамның ешқашан бейбіт өмір сүрмейтінін анық білемін. Сізге бір адам жақсылық жасады, ал сіз оған опасыздық жасайсыз. Мұның соңы өте жаман аяқталады. Сатқындардың жолы жалғыз, мен оларды кешірмеймін, қалғандарын кешіруге дайынмын. Мен тіпті бір кездері көпшілік алдында қашқандардың бәрін кешіруге дайын екенімді айттым. Сендер келіңдер, мойындаңдар, ақшаны қайдан алдың сол жерге тапсыр және халықтың. Неге біз сізді қудалаймыз? Біз сізді жібереміз. Қазақстанда тұрыңыз. Бірақ әлі ешкім жауап берген жоқ», - деді Елбасы.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15