Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сатқындарға деген көзқарасы туралы айтты.
«Мейірімділік ешқашан адамның кемшілігі емес. Адам, негізінен, мейірімді болуға тырысуы керек. Бірақ егер мейірімділік бизнеске, мемлекеттің дамуына кедергі келтірсе, онда бұл мейірімділік жақсылыққа жұмыс істемейді. Бұл жерде бөліп қарастыру керек. Біз кадрларға деген мейірімділік туралы айтайық. Егер ол түзеле алмаса мен мейірімділік танытып орнында қалдырсам, адамдар маған не дейді? Сондықтан мен кейде туыстарыма да қатал болдым, Бұл дұрыс болды, басқа таңдау болған жоқ. Біз жас мемлекет едік. Алдымызда не күтіп тұрғаны белгісіз болды. Бізге ешкім мемлекетті қалай басқаруды үйреткен жоқ, біз еш жерден тәжірибе алмадық. Біз қалай әрекет етуді, не істеу керектігін білмедік. Бұл жерде, әрине, қателіктер болуы мүмкін», - деді Назарбаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында.
Сонымен қатар еліміздің Тұңғыш Президенті кадрларды таңдау туралы айтты.
«Адамға сеніп, 100 пайыз жақындатқанда сені арқаңнан таспен немесе басқа нәрсемен ұруы – өте жиіркенішті. Сен оған себепсіз жақсылық жасадың, ал ол саған қара ниетпен, жеккөрушілікпен жауап берді. Мен кешірмеймін, бірақ ұмытып кетемін, есіме алмауға тырысамын, өйткені мен сатқын адамның ешқашан бейбіт өмір сүрмейтінін анық білемін. Сізге бір адам жақсылық жасады, ал сіз оған опасыздық жасайсыз. Мұның соңы өте жаман аяқталады. Сатқындардың жолы жалғыз, мен оларды кешірмеймін, қалғандарын кешіруге дайынмын. Мен тіпті бір кездері көпшілік алдында қашқандардың бәрін кешіруге дайын екенімді айттым. Сендер келіңдер, мойындаңдар, ақшаны қайдан алдың сол жерге тапсыр және халықтың. Неге біз сізді қудалаймыз? Біз сізді жібереміз. Қазақстанда тұрыңыз. Бірақ әлі ешкім жауап берген жоқ», - деді Елбасы.