Mazir
11 ноя 16:48korilim:1 230 Қоғам

Назарбаев: Қазақстандықтардың үштен екісі қазақ тілін біледі


Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының кеңесінде айтты.
"Татулық, келісім және бірлік мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болған және болады да. Сондықтан осы құндылықтардың арқасында біз дамимыз, елді байытып, өмір сүруге деген жақсы жағдай қалыптастырамыз. Бұл ұлтаралық қозғалыс саласының негізгі ұстанымы және ол өзгермейді. Ассамблея барлық этносты біздің жалпы қазақстандық құндылықтарымыздың айналасына біріктіру үшін жұмыс істеуі керек.

Екіншіден, қазақ тілі біріктірудегі, халқымыздың бірлігін нығайта түсетін негізгі потенциал болып саналады. Ол ұлтаралық деңгейдегі тіл болуы үшін оны үйренетіндер санын кезеңмен кеңейтіп, өсіріп отыру керек", - деді Назарбаев. 

Елбасы елімізде 90 пайыз орталық қазақ тілін тегін үйрететінін атап өтті. 
"Олардың тиімділігі сұрақ тудыртады, сондықтан Мәдениет және спорт, біім және ғылым министрлігі мемлекеттік тілді үйрену жүйесінің тиімділігін арттыруы керек. Біз әр бала мектептен кейін мемлекеттік тілде оқып, жазып және сөйлей алатындай жағдай жасауымыз керек. Бұл оларға мемлекеттік қызметтің, экономиканың барлық саласында жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Адам көп тіл білген сайын мәдениеті артады. Мен оны көп адам түсінеді деп ойлаймын. Түрлі этностағы ата-аналар балаларын қазақ тілді бала бақшаларға беріп жатыр. Бұған қошемет көрсету керек", - деді Назарбаев.  

Елбасы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары барлық этнос мемлекеттік тілдің ролінің нығаюын қолдағанын айтады.

 "1991 жылы мемлекеттік тілді халықтың 37 пайызы ғана білетін. Бүгінде жағдай мүлде басқаша. Мемлекеттік тілді халықтың үштен екі бөлігі біледі. 20 жыл бұрын жоғары оқу орындарында қазақ тіліндегі сабақтардың үлесі 27 пайыз болса, бүгінде ол 83 пайыз. Бұрын қазақ тілінде сөйлемейтін қазақты табу қиын еді, ал қазір өте жиі кездеседі. Мемлекеттік тіл жалпы танылды. Тіл бәрін біріктіреді", - деді Елбасы. 


Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15