Өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің шешімдеріне сәйкес екі аймақта төрт бақылау бекеті мен екі санитарлық пост құрылды. Полиция карантиндік 299 нысанды қоршауға алды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
Блокпост Атырау облысында, санитарлық посттар - Ақтөбе облысында орналастырылған.
Денсаулық сақтау органдарымен және әкімдіктермен, оның ішінде қызмет көрсету салаларымен бірге 50 мыңнан астам рейдтер өткізілді.
28 мыңнан астам карантин талабын бұзғандар анықталды, оның ішінде сауда орталықтарында, дүкендерде, базарларда 4600-ден астам адам, мейрамханалар, кафелерде 1700-ден астам адам, - деді Тұрғымбаев.
Санитарлық-эпидемиялық талаптарды бұзғаны үшін барлық фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар жасалады.
Басып шығару