Қоқыс жинайтын көлік жүргізушісі астыртын адам тасымалдаған


Алматы қаласында блок-пост арқылы өтуге мүмкіндігі бар қоқыс жинайтын көлік астыртын адам тасымалдамақ болған. 

Алматы Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, №7 блок-пост арқылы өтпек болған қоқыс жинайтын көлікті тәртіп сақшылары тексерген. 1994 жылы туған көлік жүргізушісі 19 жастағы азаматты Алматыға алып кірмек болыпты. 

«Олардың ойы жүзеге аспады. Екеуі де ұсталды. Қазір жүргізушіге де, жолаушыға да әкімшілік құқықбұзушылық фактісі тіркелген. Тағы да ескертеміз, карантин жағдайын бұзғандар қатаң жазаланады. 10 АЕК айыппұлда бастап 15 күндік қамаққа дейін жазалау қарастырылған», - деді Алатау аудандық Полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр. 

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру