Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бір айдан астам уақыт бұрын COVID-19-ға қарсы отандық вакцина салдырғанын растады.
QazCovid-in қазақстандық вакцинасы 17 қыркүйектен бастап клиникалық сынақтардан өтіп жатыр. Вакцина Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында зерттелуде.
Министр жобаны басынан бастап қадағалап, әр кезеңге қатысқанын айтты.
«Мен күн сайын клиникаға дейінгі зерттеулердің нәтижелерін көрдім, талдаулардың нәтижелері мен вакцинаның тиімділігін байқадым, сондықтан вакцина салдыруды шештім. Содан бері көп уақыт өтті. Мен өзімді керемет сезінемін, катаральды құбылыстар болған жоқ, температурам көтерілмеді», - деді Асхат Аймағамбетов.
Басып шығару