Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқы лекпен өзіне тұмауға қарсы вакцина салғызды. Бүгін, республикалық вакцинациялау науқаны басталар тұста министр Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық ауруханаға келіп, ресейлік «Гриппол+» вакцинасын қабылдады.
«Күз айларында тұмау жұқтыру қаупі жоғары. 2019-2020 жылдары Қазақстанда ЖРВИ жұқтырған 431 120 науқас тіркелген. Оның ішінде 284 033 науқас немесе жалпы көрсеткіштің 61,4 пайызы – балалар. Биыл екпе салдыру өте маңызды. Егер коронавирус пен тұмау қатар өршісе, елдегі тұрақты эпидахуалды ұстап қалу қиын», - деді ол.
Министрдің айтуынша, осыған байланысты биылғы екпе науқаны жылдағыдан екі апта ерте басталып отыр.
«Мен сіздерге Қазақстандағы вакцина тексерудің барлық сатысынан өткенін, қауіпсіз екенін өзім арқылы көрсеткім келді», - деді Цой.
Басып шығару