Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Жедел респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) мен тұмаудың өршитін маусымы келе жатыр. Қазіргі эпидемиологиялық кезеңде бірыңғай дистрибьютор тұмауға қарсы 2 199 990 вакцина сатып алып қойды. Бұл мөлшер – жалпы халықтың 11 пайызын қамтуға жол ашады, - деді министр.
Алексей Цой екпе жұмыстары жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жолдарында созылмалы аурулары бар адамдарға, жиі ауыратын балаларға, білім беру ұйымдарындағы балаларға, ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға, медициналық қызметкерлерге салынатынын жеткізді.
Әкімдерге ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы егуді бастау бойынша шаралар қабылдау қажет. Жұмыс берушілердің қаражаты есебінен ірі жұмыс берушілермен тұмауға қарсы вакцинацияны және кәсіпорын қызметкерлерін қамту бойынша жұмыс жүргізу керек. Бұл тұмауға қарсы вакцинацияны 14%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді, - деді ол.
Басып шығару