Нұр-Сұлтанда бюджеттік бағдарлама жобасына сәйкес крематорий салуды жоспарлап отыр.
Нұр-Сұлтанда биыл крематорийді пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Жобаның басты мақсаты - дәстүрлі жерлеу мен қабірлердің аумағын азайту.
Оны салуға 1 миллиард 519 миллион 285 мың теңге бөлінді.
Айта кетейік, жоба 5 тамызда жарияланды.
Осы жылдың маусым айында Алматыда крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды деп хабарланды.
Басып шығару