Mazir
02 сен 14:24korilim:425 Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ қайрылмады. БАТАЛОВТА амал жоқ. АЛАКӨЛДІҢ айдынында Былтырғыдай адам жоқ.



Жазымыз Алакөлсіз өтпейді. Кей жылдары шілдеде барған Алакөлге Тамызда қайта айналып соғамыз.
Алматыда болған соң көбінде Арқас жағына - Ақшиге тоқтаймыз. Ара-тұра арғы жағалауға -Барлық таудың тұсына да барып, батпағына түсіп, суына сүңгиміз.
       Әлемнің әр шалғайына жолымыз түсіп, жағасына барған теңіздер мен көлдерді Алакөлге теңестірген емеспіз.
      Осы жылы шілдеде Шығыста -Қатон қарағайда болдық. Ел аумағында демалуды міндет санайтынымыз шын. Сонан соң тамыздың соңғы аптасында көлігімізді айдап, Алакөлге тарттық. Ақшиге тоқтадық. Ақши тәп-тәуір қалашыққа айналған. Бес жұлдызды дерлік демалыс орындарының өзінен бес -алтауы бар. Ал ортан қолды және арзандау қонақ үйлердің саны екі жүз елудей. Көшелері тақтайдай, жағалауы құмды, суы тұзды.
        Соған қарамастан демалушы сирек. Биыл жылдағыдын жарты ай бұрын жабылыпты. Айдаладағы көл жағасына ақшасын төгіп, қонақ үй салып, жаздың үш айынан жақсылық күтіп жанталасатын еңбекқор, тәуекелшіл туыстарымызға жанымыз ашыды.
     Біз түсіп жүрген ҰЯЛЫ RESORT демалыс үйінің қожайыны Айдос Жолдыбайұлы : - Демалушылар жыл сайын еселеп артып отыратын. Биыл олай болмады,- дейді.   өткен жылы 1050 қонақ қабылдаса, биыл 700 дей ғана болған. Өткен жылы жұмыс 10 Маусымда басталса, биыл қонақтар 24 маусымнан келе бастаған. Өткен жылы 10 қыркүйекке дейін дейін істесе биыл 31- тамызға дейін (біз соңғы қонақтарымыз).
        ОТАНДЫҚ ТУРИЗІМДІ МЕМЛЕКЕТТІҢ, МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫ
       Алдыңғы жылмен салыстырғанда демалушылыр саны өткен жылы екі есе артқан. "Оған себеп: - дейді Айдос,- "Былтыр маусым басталарда Үшаралдан әуежай, Ақшиден теміржол бекеті ашылды. Оны ашуға Елбасы - Тұңғыш президент келді. Барлық ақпарат құралдары осында жүрді. Бір мезетте бүкіл қазақстанның назары Алакөлде болды. Мен Елбасының күзет тобын күтіп алдым. Ары қарай ала жаздай қонақ тасқыны деңіз" деп тамсанды.
       ҚАСЫМ - ЖОМАРТ ҚАЙРЫЛМАЙ КЕТТІ.
      Алакөл жұрты биыл маусым басталарда  жаңа президентімізді күткен. "Талдықорғанның тумасы - жерлесіміз. Бізге қолдау білдіреді" деп күткен. Алайда Тоқаев обылыс орталығынан ары бармады. Жарнама былтырғыдай болмады.  Жерлесіміз - жаңа президентіміз жағалау жаққа қайырылмай кетті.
          ҚАРА ЖАРНАМА
         Керісінше жолдың бүлінгені, жалғыз рейстен тұратын ұшаққа билет болмайтыны, пойзға да билеттің жоқтығы, болған күнде ондағы  вагонның тозығы жеткен - тозақтың күйінде екені,  "көлге лас су құйылды" деген ақпарат, осының барлығы да бұл жылы Алакөл үшін қара жарнама болды. Жұрт ресми ақпараттан гөрі Әлем желіге сенеді. Ал, әлем желі қолданушылары жарялаған ақпаратының салдары туралы ойланбайды.                Ия, жол жөнделіп жатыр. Ол жаман жол 200 шақырымды ғана құрайды. Асықпай жүріп өтуге болады. Міне сіздер келдіңіздер, сіздер сияқты Алакөлді аңсайтын көп кісілер көлігімен-ақ келіп қайтты.  Ал шын мәнінде жолдан шаршап, қабағы түсіп келген адам Алакөлге бір сүңгісе бәрін ұмытып, қуанып шығар еді.
        БАТАЛОВТЫҢ БАРЫ СОЛ
        Алакөлдіктер "Туристік аймаққа жүз милиярдтаған теңге қаржы құйылуынан үмітті болған. Ондай батпан құйрық болатынын Амандық Баталов айтыпты" деседі. Алайда, Аймақ солай ұйғарғанымен ондай ауқымды қаржыны НҰР-СҰЛТАН БЕКІТПЕДІ" деп отыр.
      "Соған қарамастан облыс бюджетінен көшелер жасалып, ауқымды қаражатқа (0.7 миллиярд) парк салынып жатыр. Оны Аудан әкімі Әлібек Жақанбайев өзі қадағалап отыр" дейді көл иелері. Олар: "Қолында барын Амандық әкім Алакөлден аяйын деп отырған жоқ" деген пікірде.

      Осы өңірдің тумасы - патриоты Айдостың айтуынша Алакөл бассейінінде бес көл бар екен. Олар батыс шетінен - Қошқаркөл, Сасықкөл, Қоржынкөл, Алакөл, Жалаңаш деп аталады. Бесеуінің суы бес түрлі, емдік қасиеті мол, "Жалаңаштан басқасы балыққа бай екенін" айтады Айдос Айтанов.
      Сонымен қатар "демалушы да, демалдырушы да көлді көз қарашығындай қорғаса екен, көлге сөз келтіретін қылықтан ада болса екен" дейді.
      Алакөлдіктерді алаңдататын тағы бір жағдай: көл жағалауынан егістік алқаптардың көптеп ашылуы. "Ол - біріншіден көлге құятын суды кемітсе, екіншіден егіс алқаптарынан шайылған ауыл-шаруашылық дәрілері көлге кетуі - көл суының құдай жаратқан ғажайып қасиетін бүлдіруі мүмкін" дейді.
      ШЫНЫМЕН ДЕ КӨЛ СУЫ ТЫҒЫЗ, ТҰЗДЫ ІШУГЕ КЕЛМЕГЕНМЕН АУЫЗ ШАЙҚАСАҢ ДӘМІ ЖАҒЫДЫ. ЖҮЗУГЕ ЖЕҢІЛ, САБЫНДАҒАН СИЯҚТЫ ҚОЛТЫҒЫҢ ТАЙҒАНАП ТҰРАДЫ. БІР НЕШЕ КҮННЕН СОҢ ТЕРІ ҚАБАТЫҢ ЖҰМСАРЫП, ТҮСІ ТҰТАСТАНҒАНЫН СЕЗЕСІҢ. АЛ ТЕРІ ҚАБАТЫ ІШКІ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ АЙНАСЫ ДЕҢІЗ.
      Бұл жолы да біз үшін күн жылы, су жайлы болды. Жағалауда жатқан бірен-саран демалушымен бірге біз де самалы саумал, Алакөлдің майда толқынына төсімізді соғып, еркін дем алдық.
       Қайтарда:
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ қайрылмаса
БАТАЛОВТА амал жоқ.
АЛАКӨЛДІҢ айдынында
Баяғыдай адам жоқ.

        Деп өлеңдетіп қайттық.
        Міржақып айтатын: "Заман бүйтіп тұрмас, халық ағарар" деп.
        Заман бүйтіп тұрмас, жол жөнделер, жолаушы көбейер, Қасым -Жомарттың көлігі де көл бойына бір тоқтар, жағалау құжынаған халыққа қайта толар деп толғандық.
        Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ
        Қазақстанның мәдениет қайраткері. Ақын. "bairaq.kz” порталының жауапты редакторы. 










Басып шығару
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Жаңа кітаптар20:14Поэзия падишасына арналған шаралар10:43QITAI DEGEN KIM?18:40Парламент Мәжілісінің ант қабылдау рәсімін Нұрлан Әлімжанов үшін арнайы өткізуге мәжбүр болғаны ма?21:48Қазақстан Президенті ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен кездесті11:36ELIMIZDIN’ BASSHYSY EKI KUNDIK SAPARMEN QYTAIG’A BARDY10:22Сәулесі бар жігіттер бір ойланар...06:46QYTAI DEGEN KIM?14:58QYTAI DEGEN KIM15:28ELIMIZDIN’ BASSHYSYN QYTAILYQTAR EKI KOZDERI TÖRT BOLYP KUTIP OTYR16:21АҚША ЖӘНЕ АҚЫН-ЖАЗУШЫ18:28Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінң филология және әлем тілдері факультеті23:42АЗИЯ ЕЛДЕРІ ФОРУМЫ ЕКІНШІ ПАНЕЛДІК ТАЛҚЫМЕН ЖАЛҒАСУДА15:01ТҰТАС АЗИЯ ЕЛДЕРІ ЖАЗУШЫЛЫРЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ФОРУМЫН ӨТКІЗУГЕ ЖИНАЛҒАН ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚАЗАҚ АСТАНАСЫНДА10:55Азия елдері қаламгерлерінің І форумынан күтетін мәселе көп14:02Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы22:00JOLDAY'DY QOLDAY’17:02ҚАСЫМ-ЖОМАРТ қайрылмады. БАТАЛОВТА амал жоқ. АЛАКӨЛДІҢ айдынында Былтырғыдай адам жоқ.14:24QYTAI DEGEN KIM?20:41Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады19:43А. Көлгінов "Пригородный" елді-мекенінің әлеуметтік нысандарының құрылысы барысымен танысты19:40Павлодар облысы Қазақстандағы көмірдің 60 пайызын өндіреді21:51Атырауда кішкентай қыздарды зорлады деген күдікпен үш адам ұсталды21:48БҚО-да 100-ден астам мал өрттен қырылып қалды21:42«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалында партияны қайта жаңғырту туралы мәселелер пысықталды21:38«Атырау» жаңа ойыншылармен толықты16:29Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның шахтерларын кәсіби мерекемен құттықтады12:35Әкімі Алтай Көлгінов Жапонияның инвесторларымен кездесті12:34Төлен Әбдіков. Парасат майданы11:03ОРАЛХАН ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР10:43Атырау облысының тұрғындары аптап ыстық туралы ескертілді10:23Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Индира Джолдубаева жемқорлық күдігімен үйқамаққа алынды.12:12"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы туралы22:23Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда әдеби мереке өтеді15:39Алматыда жастардың«Central Asia Youth Festival»I Орта Азиялық фестивалі өтуде15:33