Қауіпсіздік Кеңесінде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Елімановтың қатысуымен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті.
«Мемлекет басшысының коронавирустық инфекциямен күреске бөлінетін бюджеттік қаражаттардың мақсатты және тиімді пайдаланылуын, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың заңсыз айналымын, сондай-ақ қаржылық пирамидаларға қарсы күресті бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға ерекше назар аударылды», - делінген хабарламада.
«Тексеру нәтижелері бойынша 9,6 миллионнан астам медициналық маска, 65 мың литр антисептиктер, 819 миллион теңгенің 388,2 мыңнан астам түрлі дәрі-дәрмек заттары заңсыз айналымнан шығарылды.
Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл аясында жалған шот-фактуралар беру фактілері бойынша ашылған қылмыстардың саны 2,5 есе өсті (2019 жылдың 6 айында 94-тен осы жылдың осы кезеңінде 242-ге дейін), - делінген баспасөз хабарламасында.
Басып шығару