Нұр-Сұлтанда сегіз күн ішінде полиция жалпы құеы 16 миллион теңге болатын дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын тәркіледі.
11 шілдеде полиция Орынбор көшесінде Volkswagen көлігін ұстады. Тексеру кезінде қытайлық Lianhua капсуласының 165 пакеті табылып, тәркіленді.
«Бұл дәрі-дәрмектерді Қазақстанда сатуға және қолдануға рұқсаты жоқ. Ұсталған жергілікті тұрғын дәрі-дәрмектерді сайттардың бірінен сатып алып, оны қалада сатуға тырысқанын мойындады. Қазіргі уақытта бұл препараттардың қайдан шыққандығы анықталуда», - делінген хабарламада.
Екінші жағдайда, Янушкевич көшесінде 33 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол елімізде тапшы дәрілерді сатуға тырысқан: парацетамол, ингавирин, дексаметазон, цефтриаксон, лидокаин, аминофиллин, сумамедан және ципролет.
«Сегіз күн ішінде полиция қызметкерлері медициналық мақсаттағы бұйымдар мен қорғаныс құралдарын заңсыз саудалаған 36 факт анықтады: дәрі-дәрмектер - 4500 пакет пен маска - 238,500 дана, сонымен қатар термометр, қорғайтын халат, костюмдер, қолғап, көзілдірік, антисептикалық заттар және басқа да медициналық мақсаттағы бұйымдар. Тәркіленген заттардың жалпы сомасы16,6 млн. теңгеден асты», - деп толықтырды ведомстводан.
Басып шығару